Қауіпсіз ғаламтор – қауіпсіз қоғам

     №5 орта мектебінде «Қауіпсіз ғаламтор – қауіпсіз қоғам» тақырыбында ата – аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стенд рәсімделіп, «Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?», «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым – қатынас этикасы», т.б. тақырыптарда 5 - 11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары, сап жиындар өткізілді. «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында 8 сыныптар арасында дебат ұйымдастырылса, 9 – 11 сыныптар арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    5 – 11 сынып оқушылары арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен семинар өткізілді.

    5 – 8 сынып оқушылары «Қауіпсіз интернет» тақырыбында рефераттар әзірлеп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

 Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі К. Ш. Махашованың ұйымдастыруымен «Интернет орнына - кітап» бір күндік акциясы өткізілді. Бұл іс – шараға мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары бір кісідей ат салысты.

   Мектебімізде өткізіліп отырған іс – шаралардың басты мақсаты – ғаламтор желісін қолданушылар, оның ішінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдерге қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруды қамтамасыз ету, әрі заңсыз ақпарат тарату көздеріне алданып қалмау қағидасын қалыптастыру болып отыр.

  Ғаламтор желісі қазіргі таңда ақпараттың қайнар көзі екендігі баршамызға мәлім. Алайда, ғаламтор желісі арқылы тек пайдалы және жағымды ақпараттар ғана кездеседі деп қателесуге болмайды. Себебі бүгінгі күні ақпарат көзі арқылы діни және ұлтаралық алауыздық тудыру, экстремизм, терроризм, зорлық – зомбылықты насихаттайтын заңсыз қолданушылар көптеп кездесуде.

  Сондықтан ата – аналар тарапынан да, ұстаздар тарапынан да оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың ғаламтор желісін дұрыс әрі тиімді пайдалануын үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отыру қажет деп санаймын.