Мектепті құрылуы туралы тарихи анықтамасы

№ 4 жалпы білім беретін орта мектептің тарихы

 

     Мектеп 1938 жылы «А» кварталында, Томпиев көшесіндегі №8 тұрғын үйдің кіреберісінде орналасып, сол жерде ашылды.

      Мектеп 1939 жылдың желтоқсан айында «Б» кварталындағы жаңа үйге көшті (казіргі Қараменде би көшесі, Өнер мектебі орналасқан ғимарат). Жаңа мектепте – 10 сынып бөлмелері болды және химия мен физика кабинеттері өте жақсы жабдықталды. Онда екі ауысымда 600-ден астам бала оқыды. 

       1940 жылы біздің мектеп орта мектеп болып аталды. Онда бірінші рет 8 сынып ұйымдастырылды.

     Мектептің қамқоршысы «Прибалхашстрой» тресі 1965 жылы оқушыларға Мира көшесіндегі жаңа ғимаратты сиға тартты, сол үйде мектебіміз әліде тұр.

 

Мектеп директорлары

 

 

№ 4 мектептің бірінші директоры 1937-1939 жылдарда

Сартаков Иван Никифорович болды.

Сол кісі директор болған жылдарда мектептің қалыптасуы басталды. 

 

 

Орлеанская Анастасия Павловна алыста қалған 1939-1943 жылдарда көптеген дәстүрлердің санамызға кіріп, қалыптасуының бастамасын бастады. 

 

Рутенберг Ида Иосифовна 1944 жылы мектептің «орта мектеп» мәртебесін алуға бар күшін салды. Сонымен бірге № 1 орта мектеп пен техникумның ұжымынан,біздің мектепке мұғалімдерді тартты. Мектепте медаль алушы оқушылар пайда болды.

 

Тищенко Екатерина Емельяновна жұмыс істеген кезде біздің мектеп қыз балаларға арналған орта мектеп мәртебесін алды. Мектеп соғыстан кейін оқу бітірген жас мұғалімдермен толықты. Осы жылдары қыз балаларға арналған бірегей мектеп формасы бекітіледі.

 

 

Блехер Майя Абрамовна жұмыс істеген кезде әдістемелік секциялар жұмысы құрылды. Мектептің өндіріспен байланысы күшейеді. Осы кісінің басшылығымен мектеп жаңа ғимаратқа көшіріледі.

 

 

Ли Валентин Иванович.

«Қатал» басшы. Бұл кісі әр оқушының мектепте оқыған кездері мен балалығы және жастық шағының қалыптасуының – өмірдегі тірегі болуына күш салған адам. Мектеп пән олимпиадаларында жоғары көрсеткіштерді көрсетті.

 

Пахоменко Вера Федоровна.

Ол кісінің еңбексүйгіштігі мен кез келген істі ұйымдастыра білетін қабілеттілігі, жұмыстастарын, оқушыларды және ата-аналарды қызықтыр- атын. Пән үйірмелері жұмыс істеді. Тәлімгерлік бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Новакович Полина Яковлевна.

Бұл кісі жұмыс істеген кездерде алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жұмыстары белсенді түрде таратылды. Балқаш қаласының білім беру жөніндегі саласының мұражайы ашылды, онда мектеп тарихы жөнінде көптеген материалдар жиналды. Тир салынды.

 

Коробейникова Людмила Алексеевна.

Бұл кісі басшылық жасаған кезде, мектептің оқу – техникалық базасы нығайып, жақсы жарақталды. Оқу кабинеттері, ғимараттың фасады және мектеп ауласы басқа реңге бөленді.

 

 

Гурова Людмила Петровна.

Толерантты – адам. Барлық жерде өте жағымды психологиялық климатты құра біледі.

 

 

 

Манатаева Панарья Тишбековна

 

 

 

 

 

Сторожко Ирина Дмитриевна

 

 

 

 

 

   Фролова Ирина Викторовна