Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігі

Тақырыбы:

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы басты құрал –ана тілін жаңа үрдіске сай меңгерту

Мақсаты:

Қазақ тілін оқыту барысында туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу.

Міндеттері:

Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

Оқыту әдістемелерінің мазмұнын байыта түсу;

Көркем және сауатты жазуға үйрету;

Оқушыларға ғасырлар бойғы жинақталған тілдік байлығымызды сақтау міндетін сезіндіру;

Оқушылардың шығармашылық тілдік қабілеттерін жетілдіру жолында ізденіс жасау;

Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруін дамыту;

 Жоғарғы деңгейдегі ойлау қасиетін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігі

2016-2017  оқу жылында қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігі өз жұмысын  ана тіліміздің ғасырлар бойы сақталған құндылығын жас ұрпақ бойына сіңіру мен тіл мәртебесі, ел тарихының қоғамдық рөлін қалыптастыру мақстында бастады. Сонымен бірге жаңа білім мазмұны, сындарлы оқыту, құзіреттілік тәсілдемесі негізінде іс шараларды жүзеге асыру жоспарымен іс бастады. Қазақстан Республикасының  жалпы орта білім беретін ұйымдарында  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы   әдістемелік нұсқау хатпен танысып, ондағы алғы шарттарды орындауды өз міндетіне алды. Бірлестік мұғалімдері бөлінген сағаттық жүктемелерімен күнтізбелік жоспарларын бекітті. Қосымша қолданбалы курс, факультативтік жұмыстарын да бекітіп, жоспарлы жұмыс жасауды бастады.

Бірлестік мұғалімдерінің сапалық құрамы:

Мұғалімнің аты жөні

Білімі

Лауазымы

Санаты

Еңбек өтілі

жоғары

І

ІІ

Санаты жоқ

1

Тлеубекова С.Ж.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

+

 

 

 

20

2

Ахметбекова А.С.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

+

 

 

13

3

Смаханова М.Ж.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

+

 

 

27

4

Халабаева А.С.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

+

 

12

5

Жұмажанова Қ.М.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

+

 

 

13

6

Скакова А.Б.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

+

9

7

Калыкова А.Ж.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

+

 

6

8

Сыздыкова С.Т.

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

+

 

 

 

26

 

"БАЛА МҰХТАРДАН – ДАНА МҰХТАРҒА" әдеби-драмалық қойылым

 

Қазақ елін ұзақ жылдар басқарған басшы, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев «Бүгін біз тағы да бір рет терең құрмет, алғысты сезіммен осынау ғажайып эпопеяның авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовті еске алуға тиіспіз, оның ұлы дарынының арқасында данышпан Абай өмірге қайта келді» деген болатын.

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы  орта мектебінде заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120  жылдығына арналған «Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға» әдеби-драмалық қойылым өтті.  Қойылымның басты идеясы – Мұхтар Әуезовтің балалық шағынан сыр шерте отырып, өміріне рухани азық болған Абай үлгісінен нәр алған дана Мұхтардың бейнесін таныту.  Осы мақсатта жоспарланған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 5-10 сынып оқушыларын сахналық өнерге баулып, шығармашылығын шыңдады.

Басты рөлдерде ойнаған Мұрат Әлішер және Жеңісбаев Ақжол Мұхтардың балалық шағы мен есейген кезін терең сомдай алды. Әуез қарттың рөліндегі Берікұлы Серік пен Абай рөліндегі Амангелді Айбек көрерменнің көзайымына айналды. Оқырманның жүрегінен орын алатын Мұхтар шығармашылығы ғасырдан-ғасырға өз жалғасын таба беретіне сенімдіміз. Өйткені Абайдың жолынан бастау алған  Мұхтардың жолы -даналықтың жалғасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Изображение

 

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Батыр Баян» поэмасына әдеби -сахналық қойылым

 

16.04.2018 оқу жылында мектебімізде дәстүрлі «Мектеп күні-2018» іс-шарасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өтті.

Сахналық қойылым сыршыл табиғатымен оқырман жүрегінен орын алған Мағжан Жұмабаев шығармашылығын кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, Баян батыр ерлігін үлгі етіп, тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетіп, ақын сөздерінің астарынан бағдарлы бағыт пен рухани шабыт көзін іздеуге баулыды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұсынылған ،،Батыр Баян،، поэмасы. Басты рөлдерді сомдағандар: Абылай - Ізбасар Арнат, Баян - Несіпбаев Серік, Лағда - Қорабаева Арина, Ноян - Шүкіржан Дарын. Оқушылар жоғары шеберлікпен ойнап, көрермен көзайымына айналды.