Түлектерге кеңес

Құрметті түлектер!

Тестілеуді өз мектебіңде тапсырмасаң да, сені мейірімді педагогтер қарсы алатынына сен, егер қандай-да бір сұрақтар туындап жатса, олардан көмек сұрауыңа болады. Ал тестілеу алдында психологтен көмегіне жүгін. Психолог емтихан алдында қорқынышты, абыржуды азайтуға жәрдемдеседі, өзін-өзі бақылау дағдыларына, олардың өзіне, өз күшіне деген сенімділігін арттыруға, емтихан тапсыру кезінде өз эмоцияңды ұстауға үйретеді.

Түлектерге ақыл-кеңес:
Емтихан тапсыруға дайындық.


- Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды, дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина.
• Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды белсенділігін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстері бар қандай да бір сурет немесе эстампы пайдалануға болады.
• Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, жапалақсың ба, әлде бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максималды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құр, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
• Ең қиын, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.
• Оқу мен демалысты ауыстырып отыр. Қырық минут сабақ оқы, он минут демал. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады.
• Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігіңше қағазға жоспар құрып, сызба сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
• Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тестердің құрылымымен таныстырады.
• Секундомермен уақытты белгілеп тестерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек).
• Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
• Емтиханға дейін барлығын қайталауға, ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

                                           Емтихан қарсаңында:

• Теске 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.
• Тест күні күндегіден ерте тұру керек.
- салқын сумен жуыну қажет.
- гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
- дұрыстап тамақтану керек.
• Тамақтану үлгісі:
- аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды.
- жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
• Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
• Емтихан, бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.
• Емтихан тапсыратын жерге кешікпей, жарты сағат ерте баруың керек.
• Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел.
• Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақта және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс.
• Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тесті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың тығыздығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеуі керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.
• Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят.
• Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты.
• Алдыңдағы тапсырманы ғана ойла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тестегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект саған мына кеңесті ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

                                   

Жалпы орта білім беру туралы аттестатына

ҰБТ сертификаты ұпайларының бағаға айналдыру шкаласы

 № Пән

"2"

(қанағ-сыз)

"3"

(қанағ.)

"4"

(жақсы)

"5"

(үздік)

1 Қазақ тілі 0-3 4-13 14-20 21-25
2 Орыс тілі 0-3 4-13 14-20 21-25
3 Қазақстан тарихы 0-3 4-13 14-20 21-25
4 Математика 0-3 4-11 12-19 20-25
5 Физика 0-3 4-11 12-19 20-25
6 Химия 0-3 4-11 12-19 20-25
7 Биология 0-3 4-13 14-20 21-25
8 География 0-3 4-13 14-20 21-25
9 Дүниежүзі тарихы 0-3 4-13 14-20 21-25
10 Қазақ әдебиеті 0-3 4-13 14-20 21-25
11 Орыс әдебиеті 0-3 4-13 14-20 21-25
12 Ағылшын тілі 0-3 4-13 14-20 21-25
13 Неміс тілі 0-3 4-13 14-20 21-25
14 Француз тілі 0-3 4-13 14-20 21-25
15 Орыс мектептеріндегі қазақ тілі 0-3 4-11 12-17 18-25
16 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі 0-3 4-11 12-17 18-2