Директор

 

 

Сартаева Үміт Алшимбековна –

лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектеп директоры

 

       Үміт Алшимбековна 23.12.1958 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. 1966-1972 жылдары №2 Абай атындағы мектепте, одан 7-сыныптан бастап О.Жәутіков атындағы физика-математика мектебінде оқып, орта білім алған.

 

       1976 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың математика факультетін бітіріп математика мұғалімі мамандығын алды.

 

       Үміт Алшимбековна 1979 жылы туған мектебіне қайта оралып,  аға пионер вожатый,  математика мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Жұмысты ұлттық санаға бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісіне сай, ғылым мен білімнің озық технологияларын меңгерту арқылы, бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлға қалыптастыруда өз еңбегін нәтижеге бағыттауда.

 

       1994-2004 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болды. 2004 жылдан бастап №2 Абай атындағы лицей директоры.

 

       Мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру институтымен біріге отырып, жаңа статус алу жолында экспериментальды бағдарлама бойынша жұмыстың бастаушысы, ұйымдастырушысы болды. Ғылыми педагогикалық жұмыстарды басқарып, соның нәтижесінде лицей мектебінің моделін қорғап алып, мемлекеттік тіркеуден өткізді.

 

       Бүгінде мектеп бітірушілері әр жыл сайын 15-20 грантпен жоғары оқу орнына түсіп отыр.

 

       2001 жылы қазан айында Павлодар қаласында өткен Республикалық «Жыл мұғалімі» байқауының  қазылар алқасының мүшесі.

 

       2004 жылы 12 қазан айында өткен Қазақстан Республикалық Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінің делегаты.

 

       2008-2009 оқу жылынан бастап, лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектепте мектеп директорының қызметін атқаруда.

 

       Мектепте мемлекеттік  «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқарды. Бөлінген қаржыны толық игеріп, мектепті жаңа өмір талабына сай көркемдеуде үлкен үлес қосты. Даңқ мұражайы, этномәдени мұражайлары, ақпараттық орталық, мұғалімдер бөлмесі, спортзал, асхана күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи талабына сай жаңартылды.

 

       2010 жылы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған VІ инновациялық педагогикалық идеялар» атты облыстық фестивалінде «Айкию интеллект» атты 10 сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасын сәтті қорғап І орынға ие болды . Осы тақырыпты Республикалық  фестивальда да сәтті қорғады.

 

       Мектеп қабырғасынан шығарып салатын түлектерінің арасында «Алтын белгі», олимпиада иегерлері бар

 

       2010-2011оқу жылында ҰБТ-де оқушылары математика пәнінен 100 пайыздық білім сапасын көрсетті. Сондай-ақ, екі оқушы «Алтын белгі » иегері атанды.

 

       2010-2011 оқу жылында қала мектептерін мониторингілеу жүйесінде  жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін мектеп  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

       Мектептің жаңа даму бағдарламасы жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық потенциалы өсті. Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми жоба байқаулары мен түрлі конференцияларға қатысуы және жүлделі орындарының саны артты.

 

       Марапаттары:

 

  • 1983 жылы «Еңбектегі ерекшелігі үшін медалінің» иегері;

 

  • 1992 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен  марапатталды;

 

  • 2002 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталды;

 

  • 2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жыл мерекелік медальмен марапатталды;

 

  • 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты.

 

       Осындай ұжымды басқарып отырған мектеп директоры Сартаева Үміт Алшимбековна – білімді, білгір маман, іскер басшы, адамның жан-дүниесін терең білетін психолог.