Іс-шаралар

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт — қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

2018 жылдың 12 қазанында мектептің қыздарымен «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты қыздар жиналысын өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі М.Төлеутаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Жиналысқа директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О.Жақыпбаева қатысты.

Бұл басқосудың мақсаты- қыз балаларға қашанда тәлімді, тәрбиелі, ибалы да инабатты болып өсуіне ықпал ету, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, имандылық салтын қалыптастыру.

Жиынды мазмұнды да тартымды ұйымдастыра білген мұғалім М.Төлеутаева қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында айта келе, оларға «Қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс» деген сияқты көптеген кеңес берді. Ол өз сөзін «Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз»-деп түйіндеді.

Келесі кезекте әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар қойылып, қыз балалар өз пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы -мектепішілік тәртіп, киім үлгісі, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланды. Жиналыс сырласу кеші ретінде өтіп, естелік фотосуретке түсіп, қыздарымыз жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

 

 

Күздің сиқырлы сыйлықтары

 

Күздің сиқырлы сыйлықтары

Берекелі де мерекелі күз келісімен қызықты іс-шараларға толы «Алтын күз» мерекесі биылғы жылы да дәстүрлі түрде өткізіле бастады.

1-2- сыныптар арасында өткен «Күздің сиқырлы сыйлықтары» атты жеміс- жидектен қолөнер туындыларының көрмесіне оқушылар белсене қатысты.

Әр түрлі жеміс-жидектен жасалған түрлі мүсіндер, мозайка суреттер, композициялар көрермендерге өте ұнады. Туындыны жасаған оқушылар да, көрермендер де бұл көрмеден үлкен әсер алғандарын жасырмады.

3- сыныптар арасында аталған тақырыпта сурет көрмесі өтті. Алтын күздің айшықты бейнесін түрлі бояумен жеткізген оқушылар туындылары көз тартарлық. Қабырға бойына ілінген суреттерді көрме көрермендері қызыға тамашалады. Аталған іс-шаралар оқушы шығармашылығына, өзіндік дамуына жол ашатынына сенімділік бар.

 

 

 

 

 

Сынып бұрышы –сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі

 

Сынып бұрышы –сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі.

Сынып бұрышы – бұл кез келген сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі.

Ол сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыруда, тәрбиелік шараларды үйлестіруде  сынып жетекшілеріне үлкен көмек береді.

Мектебіміздегі әр оқу бөлмесінде сыныптар жайындағы ақпараттар енгізілген, олардың  оқу-тәрбие жұмысына бағыт-бағдар беретін сынып бұрыштары бар.

Сынып бұрыштарына ақпараттың уақытында және мазмұнды енгізілуін мектептің оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері жоспарлы түрде тексеріп отырады.

Қазан айының алғашқы күндері кезекті тексеріс болды. Сынып бұрыштары оқушылар үшін маңызды, пайдалы ақпараттарға толы,  барынша қызықты, сыныптардың жас ерекшеліктерне сай  түрлі-түсті безендірілген. Сынып жетекшілері  мерзіміне сай қазан айының  жоспарын іліп, онымен оқушыларды  тәрбие сағатында таныстырған.

Жоғары сыныптар үшін оқушылардың өзін- өзі басқаруын ұйымдастыруға зор ықпалын тигізіп, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға айналдыруға септігін тигізетін ақпараттар бар.

 

 

 

«Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекеліктәрбие сағаты

«Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекеліктәрбие сағаты

1 - қазан   Қарттар күнімерекесіне орай мектебімізде  бастауыш 3 -сыныптар  арасында  кітапхана меңгерушісі А.М.Шаймерденнің  ұйымдастыруымен     «Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекелік  тәрбие сағаты  өткізілді.

Іс-шараның мақсаты оқушыларға  үлкендерді қадірлеп, сый- құрмет көрсету, ізгілікке тәрбелеу.

3- сынып оқушылары қонаққа келген әжелеріне өз құрметтерін өлең- жырмен жеткізді. 3 Е сынып оқушысы  Стамбек Кәусар скрипка аспабында ойнап,    3Д  сынып Қыдыр Арайлым   әннен шашу шашты.  Ағайынды Асылхан Дәмір мен  Әмір әжелерге  «Жастар» күйін    орындап  берді.

Қонаққа келген әжелер немерелеріне бар ақылдарын айтып, баталарын беріп шынайы алғыстарын білдірді.