Бүлдіршіндер қуыршақ театрын тамашалады

Қуыршақ театры

 

Изображение

 

Қазан айының 5-інде  мектепалды даярлық топтары  мен 1 сынып оқушылары Қарағанды қаласынан келген «Бим-бом» қуыршық театрының  «Абайла, бағдаршам» атты  қойылымын тамашалады.

Қойылым мазмұны оқушыларға жол ережесін білуге, тәртіптілікке үйрететін көріністермен қызықты болды. Ертегі кейіпкерлері  сан  қилы  оқиғаларға тап болып, жол белгілерінің маңыздылығы туралы мол танымдық білім берді. Кішкентай бүлдіршін көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл күймен оралды.

 

 

«Абайла, балақай!» тақырыбында дәріс

 

Изображение

 

«Айбын» жас жол инспекторлар тобы  және үйірме жетекшісі алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына сыныптарына кіріп, «Абайла, балақай!» тақырыбында дәріс жүргізіп, соңынан жолдан өткізу тәжірибе сабағын өткізді.