Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі

Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің тақырыбы:

«Ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру»

 

 

Мақсаты:

-Дүниетанымы дамыған,  еліміздің әдет –ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға қалыптастыру;

-Оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;

-зерттеу жұмыстарына және ғылыми жұмыстарға оқушыларды тарту:

-білімді жетілдіру

-пән олимпиадаларына оқушыларды дайындау;

-оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 

 

Міндеттері:

Әрбір оқушыны білім деңгейлеріне қарай оқыту;

Білім сапасын үнемі тексеріп отыру;

Диагностикалық және өзіндік жұмыстар негізінде оқушылардың білімінің кемшіліктерін жүйелі түрде жою;

Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін меңгеру;

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін қолдану арқылы нәтижеге жету;

Оқушы білімінің кез келген кезеңінде мемлекеттік білім стандартымен сәйкес келуге дайындау;

Мектепматериалдық  базасын, интернет материалдарынсабақта тиімді қолдану;

Түрлі конкурс, жарыс, байқауларға қатысу,ғылыми жоба жазуға дайындау.

Өзекті тақырыбы:

"Математика - жаратылыстану пәндері бойынша әр түрлі технологияларды қолдана отырып, эстетикалық бағытта жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және шығармашылыққа баулу".

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын шешу жолдары

Мақсаты:Білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтау.

Міндеті:Білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау.

«Қазақстан -2030» ұзақ  мерзімді  Стратегиясының  маңызды басымдылықтарының бірі- білім беру саласын дамыту. 

 Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық

ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық

әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген. Осыған орай оқушылардың 

білімін бақылау, бағалау жүйесін реттеу мақсатында тапсырмалар алынып

отыр. Ойткені құзырлылық  сипатындағы тесттер, тапсырмалар

оқушылардың игерген білімдері мен дағдыларын сыртқы ортадағы

өзгерістерге сәйкес кіріктіре алу қабілеттерін анықтайды және дамытады.

Осы мақсатта  Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім сапасын бағалау орталығы 2010 жылдың тамыз айынан бастап оқушылардың жалпы қабілетін, логикалық ойлау қабілетін  анықтау бағытындағы логикалық сипаттағы тесттерді құрастыру,апробациялық зерттеуден өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр..

Логикалық  сипаттағы  тесттер оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған.

Тест тапсырмаларының мазмұны дағдылы ҰБТ сұрақтарынан ерекшеленеді. Тест математикалық және сөздік –логикалық екі блоктан тұрады. Матемтикалық блокта логикалық тұрғыдан ойландыратын модельдер, графиктер, суреттер, диаграммалар; сөздік –логикалық блокта аналогия, сөйлемді толықтыру, мәтінді оқу және түсінуге бағытталған тапсырмалар беріледі. Мұндай сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдана алуға септігін тигізеді.

Білім жетістіктерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге арналған тест тапсырмалары  халықаралық   TIMSS, PISA зерттеулерінің бақылау-өлшеу материалдарында  кездеседі.

Сонымен қатар аталған зерттеу қазақстандық оқушылардың халақаралық зерттеулердегі көрсеткіштерін арттыруға негізделген. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап,ересек өмірге дайындалады,осыған сәйкес зерттеудің міндеті оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім,білік дағдыларын анықтау болып табылады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыттан тұрады: «математикалық сауаттылық», «жартылыстану сауаттылығы», және «оқу сауаттылығы».

Тапсырма-1.Фермер бақшаға алма ағаштарын  квадрат формасында суреттегідей етіп отырғызды. Ағаштарды желден қорғау мақсатында ,оларды қоршай қылқан жапырақты  ағаштар отырғызды. Суретте бірнеше ағашты отырғызу тәртібі көрсетілген,мұндағы n-отырғызылған алма ағашының саны.

1-сұрақ.Есептің шартын пайдаланып,кестені толтырындар.

2-сұрақ.Егер отырғызылған алма ағашының саны-  , қылқан жапырақты ағашының саны-8n болса, n-нің қандай мәнінде алма ағашының мәні қылқан жапырақты ағашының мәніне тең болады?

3-сұрақ.Егер фермер алма ағашының санын көбейтетін болса,алма ағашының саны тез өсе ме,әлде қылқан жапырақты ағашының саны тез өсе ме?.