Директордың өмірдерегі



Токейбекова Айгуль Токеновна 1967 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1974-1984 жылдары Тоқырауын ауданының Озерный ауылындағы №3 мектеп- интернатында  орта білім алған. 1986-2003 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1984-1986 ж. қосалқы шаруашылық комбинатында қосалқы жұмысшы, 1986-1993 ж. «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі,1999-2001 ж. «Балқаш қаласының әкім аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі» ММ бас маманы, 2001-2003 ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Балқаш қаласындағы филиалы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, 2003-2005 ж. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісі, 2005-2012 ж. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, 2012-2013 ж. Балқаш қаласының ЖББ №18 орта мектебінің директоры, 2013 жылдан бері Балқаш қаласының ЖББ №8 орта мектебінің директоры. Тұрмыста, екі ұлы бар.