2023 жылғы 28 қарашада #9 ЖББОМ ММ "Інжу" шағын орталығының мәжіліс залында "Баланы ата-анасына және отбасылық дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыру арқылы тәрбиелеу" тақырыбында Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында қалал
04-12-2023 17:44
2023 жылғы  28 қарашада  #9 ЖББОМ ММ
2023 жылғы  28 қарашада  #9 ЖББОМ ММ "Інжу"  шағын орталығының мәжіліс залында  "Баланы ата-анасына және отбасылық дәстүрлерге деген құрметті  қалыптастыру арқылы тәрбиелеу"  тақырыбында Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында қалалық семинары өтті. 
Семинар барысы "Біртұтас тәрбие"  бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралардан тұрды. 
"Балақай" бөбекжайы" КМҚК семинардың екінші бөлімі "АР-ҰЯТ" бағытында  сөз алды. Бөбекжайдың қазақ тілі оқытушысы педагог-зерттеуші санатты  , мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту магистрі Жәнібек Болатұлы "Отбасылық дәстүрлер" жобасын қорғап шықты. 
"Ар-ұят"  бағыты бойынша "Балақай" бөбекжайының" педагогтері дайындаған дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдар көрмеде ұсынылды. 
Сонымен қатар аталмыш шарада музыка жетекшісі Джуматаева Камила Қайратқызы- Қарағанды облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды және "Үздік педагогикалық жоба"  байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынға  Кауанова Камшат Сейдигаликызы, Жакупбекова Арайлым Адилетовна, ІІІ орынға Ергалиева Айгерим Аблайкызы ие болып, дипломдармен марапатталды.