"Әжемнің ертегісі"
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық «Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының төртінші күні «Әжемнің ертегісі» Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Балақай» бөбекжайында өз жалғасын табуда.
«Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының жүргізушілері балаларды «Жеті лақ» ертегісін тамашалауға шақырды.
«Балақай» бөбекжай тәрбиешілері барлық топтағы балаларға «Жеті лақ» ертегісін тарту етті. Театрландырылған қойылым балалардың көңіл-күйін көтеріп қуаныш cыйлады.
Топтарда балалар тәрбиешілер дайындаған «Мақта қыз бен мысық», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» т/б қазақ халық ертегілер лэпбуктерін тамашалады.