Ақпанның 22-ші жұлдызында КМҚК «Балақай» бөбекжайында «Қазақ тілі – елімнің тілі!» атты қазақ тілі апталығының ашылуы болды. Балабақша дәлізі мерекеге сай безендірілді.
Мақсаты:Тіл–ұлттың мақтанышы, тірегі екендігіне кең түсінік бере отырып, елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
«Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының жүргізушілері «Балақай» бөбекжайының тәрбиешісі Батырханова Ангелина Витальевна және мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Қайсар Рахымжан.
Апталықтың бірінші күні қазақ және орыс мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісілері қазақ тілінде өлеңдер оқып өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараның соңында балалар «Қара жорға» биін билеп флешмоб ұйымдастырды.