8 наурыз
07-03-2024 10:17
8 наурыз

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай КМҚК “Айгөлек” балабақшасында"Әйел тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы" атты мерекелік іс-шара өтті.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні ұжым қызметкерлері ерекше құрметке бөленді.
Нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтай отыра, білім саласында белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер алғыс хаттарымен марапатталды.