«Қазақ тілінің білгірлері» сайысы
17-01-2024 13:52

 «Қазақ тілінің  білгірлері» сайысы

Мақсаты:

1) балалардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;

2)балалардыеңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;

3) ана тілі арқылы балалардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;

Сабақтың әдісі: жеке сұрақ-жауап, аудару, мақал-мәтелді сәйкестіру, тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), .

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: таблица,сабақтың эпиграфы интерактив. тақтада жазылған тапсырмалар ,сөзжұмбақтар,1-ден 10-ға дейін сандар.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфі

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Іс- шараның мақсатымен таныстыру;

2. Іс-шараның барысы:

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата-дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.

«...Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» -деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар 7-8 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Топқа мозака бойынша бөлу, «Бәйтерек» пен «Ханшатыр» кешендері суреттері.

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдері мынадай:

І. «Жедел жауап»

ІІ. «Сөз тапқанға»

ІІІ. «Ұшқыр ой»

ІV. «Кім жылдам?»

V. «Тіл өнер»

VІ. Қызықты ұйқастар

VII. Тұлғаны таны

І. «Жедел жауап». ( қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сұрақтарға жауап беру, екі топқа он сұрақтан қойылады, қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топ жеңеді. )

ІІ. «Сөз тапқанға». (әр топқа әріптер беріледі, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздермен жауап береді.)

ІІІ. «Ұшқыр ой». (берілген сөзден 1 минутта бірнеше сөз құрау.)

ІҮ. «Кім жылдам?» (әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер мен топ мүшелері бұл сөздерді дұрыс табу керек..)

Ү. «Тіл өнер.» (мақалдарды жалғастыру.)

ҮІ. Қызықты ұйқастар. (сөздердің ұйқас аудармаларын табу.)

VII. Тұлғаны таны (атақты тұлғалардың портреті арқылы танып, жастарына қарай қою, ол туралы қысқаша мәлімет айту)

ІІ. «Сөз тапқанға»

1-топ Ө Қ Т

1.Бүгін күн қандай?

2. Сен қайда тұрасың?

3. Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

2-топ А Н С

1.Сенің қалаң қандай?

2.Кім болғың келеді?

3.Нені ұнатасың?

4.Жақсы көретін күнің?

5.Қандай құсты білесің?

6.Күз мезгілі ұнай ма?

7.Сенің сүйікті ісің?

8.Саған қандай тағам ұнайды?

ІІІ. «Ұшқыр ой»

«Білімпаздар» сөзі беріледі. 1 минутта бірнеше сөз құрау керек.

ІҮ. «Кім жылдам? Берілген сөздерді қимылмен көрсету керек.

1.Қайық,аю,ұшақ,айна,қоңырау,мысық, доп, сызғыш ,гүл,жұлдыз.

2.Кітап,жаңбыр,себет,үзіліс,қоян,сурет,пойыз,сабақ, маймыл, қолшатыр.

Ү. «Тіл – өнер.»

1-топ

1. Ең тәтті де тіл, .......

2. Оқу- білім бұлағы,.......

3. Тіл – қылыштан........

4. Жүзсом ақшаң болғанша,.........

5. Тіл тас жарады, тас жармаса .......

2-топ

1. Отансыз адам - .......

2. Ер жігіт елі үшін туады, ........

3. Мектеп – кеме, .......

4. Өнер алды - ......

5. Піл көтермегенді ,

ҮІ. Қызықты ұйқастар

Iтоп.

1. Возьми – ал, мед......

2. Рыба – балық, народ–......

3. Дверь– есік, колыбель –......

4. Город – қала, ребенок – ......

5. Играй– ойын, шея –......

II топ.

1. Жизнь– өмір, уголь-

2. Числа – сан, кровь –

3. Молоко – сүт, жди –

4. Человек – адам, шаг –

5. Таможня – кеден, пол –

VII. Тұлғаны таны (атақты тұлғалардың портреті арқылы танып, жастарына қарай қою, ол туралы қысқаша мәлімет айту)

І топқа: Жамбыл Жабаев ( 1846); Ахмет Байтұрсынов (1873); Шоқан Уәлиханов (1835).

ІІ топқа; Абай Құнанбаев (1845); Шәкәрім Құдайбердиев (1858); Мұхтар Әуезов (1897).

Қорытынды:

Ана тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің солай болмақ бағамыз – дей келе, сайысымызды аяқтаймыз

Жеңімпаз топты марапаттау.