«Балабақшамен қоштасу кеші»
31-05-2018 10:20
«Балабақшамен қоштасу кеші»

 «Айгөлек» балабақшасының  ересек топтарында салтанатты дабыл үнімен балабақшамен  қоштасу кеші басталды. Ол «Балалық шақ паровозы» атымен өтті. Онда балалар балабақшамен қоштасып, білім жолына шықты.

Балалар «Шарлармен би» композициясын орындады. Одан кейін «Жинақсыз адам» келіп балалардың шашылып жатқан заттарын жинауға комектесуін ұсынды. Алғыс ретінде оларға оқу құралдарын сыйға тартты.

Балалар таяқтармен, портфельдермен қызықты билер билеп, балабақша мен мектеп жайлы әндер орындады. Өздерінің балабақшадағы өмірі туралы қызықты фильм көрді.

Мереке балаларға қызықты да көңілді өтті.