Сәуір айының бракераж акпары
25-04-2024 11:54

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ сәуір айының бракераж акпары

2024 жылдың 19 сәуірде мектеп асханасын бракераж комиссия мүшелері: тәрбие ісінің орынбасары А.С.Алпысбаева, әлеуметтік педагог А.Ф.Берикказиева мектеп медбикесі М.К.Сатбекова,  кәсіп одақ төрайымы Ж.Ершаева мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыруды, асхананың санитарлық жағдайы, ас мәзірінің болуы және ондағы азық түліктің сәйкес келуі, тамақтың түрлері, дәмін және азық түліктің сапасын тексерді.

Жалпы білім беретін ұйымда тағамның қауіпсіздігі мен сапасы талапқа сай. Қолданылған ыдыстардың қауіпсіздігі гигеналық нормативтерге сәйкес келеді. Мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруда пайдалануға рұқсат етілген және рұқсат етілмеген өнімдердін тізімдері, өнімдердің ассортиментіне талапқа сай. Ауыз су режимі ұйымдастырылған. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.

Оқушылар тағамдардың сапасына және дәмділігіне риза екендіктерін айтты. Сонымен қоса, мектеп оқушылары үзіліс уақытында тамақтанып үлгерулері үшін тағам сатуға жауапты адамдардың санын көбейтуді өтінді.  Жалға алушы оқушылардың өтінішін назарға алды.