«Жыр төксе көлге аққу, қаз қонатын..» атты әдеби-сазды еске алу кеші

Дата: 2017-12-12 02:39:19
«Жыр төксе көлге аққу, қаз қонатын..» атты әдеби-сазды еске алу кеші

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында  лицейде «Жыр төксе көлге аққу, қаз қонатын..» атты дауылпаз ақын Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдығына арналған әдеби-сазды еске алу кеші өтті. Кешке Астана қаласынан арнайы Жеңіс ағамыздың ұрпағы, ақын ағамыздың ұлы, «Жеңіс Қашқынов» атындағы қордың жетекшісі,  журналист аудармашы Ернат Қашқынов, «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшісі, ақын  Мүсіркеп Сейдахмет, ақынның достық өлеңдерінің жазылуына себепкер болған, көз көрген жолдасы, отбасылық достары дәрігер, хирург Бұғыбай Қабылұлы, «Жырлайды жүрек» атты кітап  авторы,  лицейдің «Қауырсын қалам» баспасөз орталығының жас тілшілер бағбаны, ақын-сазгер Қуандық Сәденов келді. Әсем әннен жыр төгіліп, Жеңіс атамыздың мөлдір поэзиясынан жауһар жырларды оқушылар жатқа оқыды. Әдемі естеліктер, өнегелі әңгімелер айтылып рухани жаңғыра түскен ақын поэзиясы кемелдене түсті. Өнеге мен рухани тағылымға толы кеш оқушылар және ұстаз қауымына үлкен әсер сыйлады.