Туған жерге саяхат

Дата: 2017-11-21 06:08:33
Туған  жерге  саяхат

     «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы бойынша ел өңірлерінде  мақсатты жобалар қолға  алынуда. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   шағын  Отанымызды  гүлдендіріп,   оқушыларға   өңіріміздің тарихи жерлерін, сұлу табиғатын  көрсету  және оны құрметтеу мақсатында    экотур ұйымдастырды. 

     Лицейдің   медия  жоспарына   байланысты   8 сынып  оқушылары  тарих пәнінің   мұғалімі  Қ.А.Қаспақова,  директордың  ТІжО  С.С.Имухаметова,  мұғалім С.Байсакаловтың  жетекшілігімен  «Ашаршылық   құрбандарына» және  «Саяси  қуғын-сүргін  құрбандарына»  арналған ескерткішке,   «Шөл  даланың   падишасы»  атанған  «Тораңғы»  даласына     экотур  жасау   мүмкіндігіне  ие болды.

     Оқушылар  экотурға   арнайы    шақыртумен   барған  қалалық   мұражайдың   аға  ғылыми  қызметкері  Д. Қожақовтың   мағыналы  деректерге  толы   әңгімесін  тыңдап,  өздерін  толғандырған   сұрақтарға    жауап  алды.  Оқушыларға  тамаша   көңіл-күй  сыйлап,  табиғат   аясына   баруына   көмек  көрсеткен   ата – ана   Н.Н. Мусатаевқа ерекше  алғыс білдіреміз.

     Өлкеміздің табиғат   аясында  болып  қайтқан  балалар  тағы  да     экотурға  қатысуға  тілек  білдіріп,   өздерінің  алған   әсерлерін   қағаз бетіне түсіруді,  жоба,  зерттеулерге  қатысуды  жоспарлағанын  айтып  өтті.

                                                                            ТІжО   С.С.Имухаметова