Жаратылыстану пәндер апталығы аясында 7«А»,«Ә»,«В» сыныптары арасында 7 «А» сынып оқушысы Салық Диана « Астық тұқымдастардың ағзаға әсері» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғады. Қорғау барысында бидай,арпа,сұлы дәнді дақылдарымен жүргізілген зерттеу жұмысыме

Дата: 2024-04-18 19:28:32

Жаратылыстану пәндер апталығы аясында 7«А»,«Ә»,«В» сыныптары арасында 7 «А» сынып оқушысы Салық Диана « Астық тұқымдастардың ағзаға әсері» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғады. Қорғау барысында бидай,арпа,сұлы дәнді дақылдарымен жүргізілген зерттеу жұмысымен таныстырып,нәтижесін көрсетті. Осы дақылдардан жасалған өнімдерді практика жүзінде жасалу жолдарын көрсетті. Олардан жасалған көже,ботқа,сүт,талқан өнімдерін оқушылар назарына ұсынды.Ал өніп келе жатқан,көктеген өсімдіктерді жануарлар мен құстардың сүйсіне жейтіндігіне өз зерттеулері бойынша жүргізілген нақты деректерді көрсетті. 11 «А» сынып оқушысы Ақылбекова Зульфия осы уақытқа дейінгі жасалған жұмыстары мен жеткен жетістігін баяндап, оқушылардың ырзашылық сезіміне бөленді. Іс-шарамызға осы мектептің түлегі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Тілеуғали Қышқашбай мен әнші,Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев ағаларымыз келіп, оқушылардың зерттеу жұмыстарына оң баға беріп, өз пікірлерін білдірді.