«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі

Дата: 2024-03-29 03:01:12
 «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі

20 наурыз  күні кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, көктемгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Іс-шара мақсаты - түлектерді колледж өмірімен, колледжде оқытылатын мамандық түрлерімен таныстыру, сол арқылы осы колледжде білім алуларына ұсыныс білдіру. Колледж мамандары оқушыларды колледж мекемесінің ғимаратымен, ұстаздарымен, мамандықтарымен таныстырды.