Аттестация ережесімен таныстырылды.

Дата: 2024-03-26 12:03:35
Аттестация ережесімен таныстырылды.
12.03 күні Абай атындағы № 2 мектеп -лицейінде аттестациядан өтетін мұғалімдерге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына енгізілетін Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы _№ ___ қосымшасы таныстырылды.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары презентация арқылы көрсетілді. Педагогтерге  әр тараудың тармағындағы өзгерістері бойынша ақпар берілді. ПББ тапсырмалары,ПББ өтеді:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде 1 АЕК көлемінде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін.
Ережедегі қосымшалар, педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау ,сабақты бағалау парақтары таныстырылды.Таныстыру жиналысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.