Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер

Дата: 2024-02-14 18:22:28
Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер
«Әке жолы - ізгі жол» айлығының апталық жоспары, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы жоспарға сәйкес «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» тақырыбы негізінде Шәкен Аймановтың дүниеге келгеніне 110 жыл толуына орай «Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер» атты шара өткізілді. Шара барысында кино әлеміне саяхат жасалып, тың ақпараттар 7 Ә сынып білім алушыларының назарына ұсынылды. Wordwall платформасында Шәкен атамыз туралы сұрақтардан Quizz ойыны ойнатылып, жылдам жауап берген оқушылар анықталды.
Шәкен (Шаһкерім) Кенжетайұлы Айманов (1914 ж. 15 ақпан - 1970 ж. 23 желтоқсан) - қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО-ның халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
  Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.