«Профи TIME»

Дата: 2024-01-23 15:57:08
«Профи TIME»
15 қаңтарда кәсіби бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес  педагог-кәсіби бағдар беруші  Р.Н. Наскенованың ұйымдастыруымен 9 «В» сынып оқушыларымен  «Мамандық-менің болашағымның таңдауы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.  Тренинг барысында оқушылар мамандықтарға шолу жасап, жағдаяттық сұрақтарға жауап бере отырып, таңдаған мамандықтары жайлы ойларымен бөлісті. Мамандық таңдау барысында қызықты ақпараттармен, сайттармен танысты.
Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет».