Размер шрифта:

Саптық жиын

Дата: 2024-01-23 15:47:52
Саптық жиын
Ұлттық мүдде. Бүгінгі дүйсенбідегі саптық жиын дәстүрлі ҚР  әнұранымен оқушылар сап түзеді. 
Талап. Үгіт насихат тобы «Математкалық сауаттылық» апталығын ашып, математика ғылымының қоғамдағы маңызды орнын түсіндірді. 
Ар-ұят. Мектеп парламенті. 
- «ДосболLIKE» науқанының бағдарламасымен таныстырып, «ДосболLIKE» буклетін таратты;
- Экология фракциясы Қызылша ауруыдың алдын алу іс-шараларымен бөлісті;
- Мектеп парламентінің Президенті Амантай А. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  республикалық «EgemenQazaqstan»  газетіне берген сұхбаты жайлы, оның ішінде өз өңірімізде атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны туралы жоғары сынып оқушыларына өз ой-пікірлерін білдіруін ұсынды. 
Талап. Әкімшілік мектеп-лицейіміздің мақтаныштарын апталық жеңістерімен құттықтады.
Мектепішілік апта кезекшілігінің есебі және жаңа аптаның жоспары (кезекшілік тәрбиенің 3 құндылық бағыты бойынша жүзеге асады).