"Сабақтағы интербелсенді әдістер" тақырыбында бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімдері , педагог зерттеушілер Қуанышбекова Ж.Қ. мен Тлеукулова Қ.А.коучинг өткізді.

Дата: 2024-01-09 09:51:12
Қысқы демалыстағы әдістемелік жоспарға сәйкес Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде жас мамандарға және жас  әрі,жаңадан қосылған мұғалімдер үшін "Сабақтағы интербелсенді әдістер" тақырыбында бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімдері , педагог зерттеушілер Қуанышбекова Ж.Қ. мен Тлеукулова Қ.А.коучинг өткізді.
Коучинг барысында оқудағы белсенділікті арттыратын тиімді әдіс тәсілдер көрсетілді.Жеке,жұппен жұмыстар жүргізілді.Оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар және мәтінмен жұмыс жасау тапсырмаларын құрастыру жолдарын талдап,сараланды 
Жас мамандарға арналған коучинг "Бес қадам" рефлексиясы арқылы кері байланыспен аяқталды.Болашақ ұстаздардың әдістемелік қоржынына жаңа материалдар қосылып,тәжірибелері шыңдалды.