"ҚМЖ құрастыру-табысты сабақ кепілі" тақырыбында кейс-сессия өткізді.

Дата: 2024-01-04 08:02:46
Қысқы каникулдық қалалық білім бөлімі әдіскерлер кабинетінің жоспарына сәйкес 3 қаңтар күні Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде "Үйренейік,ізденейік жас маман" атты жас мамандарға арналған  семинарында мектеп лицейіміздің химия пәні мұғалімі Мұқамеди Р.С. және география пәні мұғалімі Ш.Т.Жаксыгелдина "ҚМЖ құрастыру-табысты сабақ кепілі" тақырыбында кейс-сессия өткізді.
Іс-шара барысында ҚМЖ-дың құрастыру шеберлігі,оқу мақсаты мен сабақ мақсатының ерекшелігі бойынша таныстырылым көрсетілді,материалдар берілді.
Жас мамандармен кейс технинологиясы бойынша  тапсырмалар орындатылды.
Жас маман Ә.Р.Мұсабекова өз сабағынан үзінді көрсетіп,ҚМЖ құрастыру жүйесін көрсетті.
Жас мамандарға арналған семинар "Жетістіктер баспалдағы " рефлексиясымен аяқталды.
Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнабекова К.К қатысты.
Жас мамандар үшін өткен іс-шараның маңызы ерекше аталды.