9- сынып оқушылары Балқаш сервис колледжінің кәсіби сынамаларына қатысты.

Дата: 2023-11-04 00:55:50
9- сынып оқушылары Балқаш сервис колледжінің кәсіби сынамаларына қатысты.
3 қараша күні күзгі  демалыс кезеңінде мектеп- лицейдің 9- сынып оқушылары Балқаш сервис колледжінің кәсіби сынамаларына қатысты. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат берілді. Оқушылар әртүрлі кәсіптік шеберханаларға барып, мамандықтардың ерекшелігімен танысты.
Кондитер мамандарымен бірге тәттілер дайындап, дәм татты. 
Шаштараз тобының түлектері келген қыз балаларға шеберлік сабақтарын өткізіп, қыздардың шашын өріп, сәндеп берді.Көптеген эмоция мен әсерге толы кәсіби сынамалар оқушыларға жарқын көңіл- күй сыйлады.