"Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Дата: 2023-11-04 00:20:16
Қараша айының 2-сі Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жылдық  жоспарға сай кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы : "Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру".
Фортсайт форматында жүргізілді.
Күн тәртібінде:
1.І тоқсандағы білім сапасына сараптама .М.С.Байтурганова - ДОІЖО.
2.Тәжірибе алаңы: 
2.1 Метапәндік сабақты ұйымдастыру.Метапәндік сабақтың ерекшелігі"  Е.Т. Карибжанов - тарих пәні мұғалімі, Ж.Т.Рахимова - физика пәні мұғалімі.
2.2 Метасана ұғымы.А.А.Толетаева Н.А.Амантаева  - мектеп психологтары.
2.3."Бастауыш сыныпта құндылыққа бағытталған білім" А.Т. Қазақбаева -  бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы.
2.4."Идеал" Рефлексия.
Білім сапасының сараптамсы толық талданды,сапасы төмендеген пәндер мен сыныптар бойынша мұғалімдердің пікірі тыңдалды.
Сабақ үрдісінде метапәндік құзыреттілікті , құндылықтарды дамыту бағытында мұғалімдермен бірлескен жұмыстар жүргізілді, тәжірибе таратылды, ұсыныстар тыңдалды.
"Алтын белгіге" үміткер және үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жұмыс туралы директордың м/.а Ж.А.Шармуханбетова слайд арқылы сараптама жасап, талдап өтті.
Мектепалды даярлық тобындағы оқу үрдісінің перспективалық білім модель және әдістемелік жаңа технологиялары бойынша А.М.Ежебаева таныстырып өтті.
Педагогикалық кеңес әр сұрақтар бойынша шешім
шығарылып,таныстырылды. Педагогикплық кеңесті директор м.а Ж.А.Шармуханбетова және ДОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.