Размер шрифта:

Ғарыш зымыраны

Дата: 2023-04-13 19:11:39
Ғарыш зымыраны
12 сәуір ғарышкерлер күніне орай 7 сынып оқушылары арасында "Ғарыш зымыраны" макетін жасаудан командалық жарыс өтті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысқан іс-шара оқушылардың зерттеу-жобалау дағдыларын арттырып, командалық жұмысқа, көшбасшылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сайыс жеңімпаздары саптық жиында марапатталады, пән мұғалімі Ж.Т.Рахимова үлкен жетістікке кішкентай қадамдармен барамыз, ендігі кезекте зымырандарды ұшырудың жолын ойластырыңдар деген тілегін жеткізді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина және мектепішілік парламент мүшелері, 10 сынып оқушылары Мұратқан Ақерке мен Мейрамбекова Арайлым сайыста қазылық жасап, оқушылардың жұмысына сай баға берді.