Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Дата: 2019-11-01 13:01:13

Хаттама №1
                                                                                                        27.08.2019ж

                                                                                                                                              Қатысқандар:

Сыздыкова С.Х- мектеп директоры.

Тлеукулова Т- қамқоршылық кеңесінің төрайымы

Нургалимова Н.Б- кеңес мүшесі

Смагулова К-кеңес мүшесі

Кубаева И- ата-ана, Кеңес мүшесі

Баймаганбетова М- кеңес мүшесі

Мусаханова Д.Ж.- директордың тәрбие жөнінен орынбасары

Токтаубаева К.Ж- директордың оқу ісі жөнінен орынбасары

Жолдасбекова М.М- директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары

Касатова Б.Т- әлеуметтік педагог.

 

Күн тәртібінде:                                                                
1. Қамқоршылық Кеңесі төрайымының 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

2. Қамқоршылық Кеңесінің хатшысын сайлау, Кеңес мүшелерінің құрамын бекіту. 
3. Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020ж  жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.

4. «Мектепке жол-2019» акциясы бойынша жасалған жұмыстардың есебі.


1. Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тлеукулова Т.С 2018-2019 оқу жылында Кеңес жұмысының жылдық есебін берді: Оқу жылы бойы Кеңес мүшелері мектепте ұйымдастырылған барлық іс-шараларына белсене қатысты. Кеңес жұмысының жылдық жоспарына сай аз қамтылған, жағдайсыз отбасыларына рейд жүргізілді. ЖББ қорынан бөлінген қаражатты дұрыс, теңдей бөлу сияқты жұмыстар жасалды.  

 

2.Тыңдалды: Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С.2019-2020 оқу жылындағы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкесмүшелердің Кеңес мүшелігіне өзгеріссіз қалуына ұсынысын айтты.

3.Тыңдалды: Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С.,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М. Жолдасбекова  Қамқоршылық кеңестің мүшелерін 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды.

 

4.Тыңдалды:Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С  Кеңестің мүшелеріне 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды.

4. Тыңдалды: әлеуметтік педагог Нығыметжанова Г.М: қыркүйек айының 1-нен бастап «Мектепке жол-2019» акциясы бойынша    27 ата-анадан өтініш түсті. Акция бойынша қаламыздың кәсіпкерлері мен кәсіпорын ұжымдары өтініш берген аз қамтылған отбасы балаларына Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша 45 білім алушыға мектепке қажетті оқу-құралдар мен киімдер сатып алынды. Акция 30-қыркүйекке дейін болады. Жұмыс әрі қарай жалғасады.

   Шешімі:

1- мәселе бойынша:    Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.

2- мәселе бойынша:      Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері тағайындалып, келесі құрамда бекітілсін:

1.Тлеукулова Т.С - 8А  сынып білім алушысының ата-анасы, Кеңес төрайымы

2. Жолдасбекова М.М – хатшы.

3.Кудайбергенов Б.Б.- құқық қорғау органы өкілі, Кеңес мүшесі

4.Муслимов А.К.- қайырымдылық жасаушы, Кеңес мүшесі(келісім бойынша)

5.Калпебаев Т.К-коммерциялық емес ұйымның өкілі, Кеңес мүшесі(келісім бойынша)

6.Нургалимова Н.Б-ата-ана, Кеңес мүшесі

.7.Смагулова К- ата-ана, Кеңес мүшесі

8.Кубаева И- ата-ана, Кеңес мүшесі

9..Баймаганбетова М- ата-ана, Кеңес мүшесі

3- мәселе бойынша:    2019-2020 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

Мерзімі: 21.09.2019ж. Жауапты: директордың тәрбие жөнінен орынбасары  Жолдасбекова М.М.

1- мәселе бойынша:    «Мектепке жол- 2019» акциясы бойынша жұмыс қанағаттанарлық деп есептелсін. Демеушілік көрсеткен барлық кәсіпкерлер мен кәсіпорын ұжымдарына алғыс жариялау.

 

Кеңес төрайымы:                              Тлеукулова Т.С                                

Хатшы:                                              Жолдасбекова М.М