«Жүректен жүрекке»

Дата: 2018-06-05 16:05:11

   ЖББ №25 орта мектебінде 5- маусым күні «Жүректен жүрекке»атты  іс-шара өтті. Алаңға келушілерді тәрбиешілер қарсы алып, өткізілетін іс-шараның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Оқушыларға мейірімділік жайлы бейнефильм көрсетілді. Балалар бейнефильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын жеткізді. Одан кейін оқушылар бір-бірлеріне тілектерін, жылы лебіздерін білдірді. Демалушылар бүгінгі өткен іс-шараларға белсене қатысып, қуанып қайтты.