«1 маусым -Балаларды қорғау күні»

Дата: 2018-06-04 15:24:49

      Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25  орта мектебінде «Мерей» шағын орталығының  ұйымдастыруымен  2018 жылдың  01  маусым  айында   «1 маусым -Балаларды қорғау күні» атты  тақырыбында іс-шара  өтті.

    1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.