"Жасдәурен" жазғы алаңының ашылуы.

Дата: 2018-06-04 13:12:36

   ЖББ №25 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында «Жаз-2018» атты жазғы демалыс «Жасдәурен» жазғы алаңында 1 кезең демалушыларымен 1 маусым күні алаңның ашылу салтанатты жиынымен өз жұмысын бастады. Сап жиынын алаң басшысы С.С. Тоқабаева өзінің құттықтау сөзімен ашып, алаң демалушылары мен тәрбиешілерін жазғы демалыс жоспарымен таныстырып, 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар жақсылық- балаларға» атты іс-шараларымыз өз бастауын алды. 
   «Жұлдызды сәт» көңілді ойындар сайысын алаң тәрбиешілері ұйымдастырды. Сайыста алаң демалушылары төрт топқа бөлінді.Жеңімпаз топ «Күншуақ» тобы жеңіске жетті.
  «Көңілді старт» спорттық ойындар сайысы өтті. Сайыс соңы қортындыланып, жеңімпаз топ «Достық » тобы марапатталды.
  «Біз бақытты балдырған» тақырыбындағы асфальтқа сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Сайыста мөлтек аудан кітапханасының қызметкерлері Хамиева Н. және Сәрсекеева А. демеушілік көрсетіп,жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтарын үлестірді.
Бүгінгі күні өткізілген іс-шаралар өз мәресіне жетіп,іс-шараға қатысқан барлық оқушыларға тәрбиешілер тәттілер үлестірді.