ЖББ №25 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының 4 желтоқсаны күні «Астана қаласына 20 жыл және 20 қайырымды іс мәресі» акциясы өз бастауын алды.

Дата: 2017-12-11 04:24:54

  Акция мақсаты:Астана қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.  Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын , ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отан  сүйгіштікке, әсемдікке баулу.

  ЖББ №25 орта мектебінде 2017 жылдың 8 желтоқсаны күні «Астана-ару қала» тақырыбындағы  сап жиынмен мерекелік акция өз бастауын алды. Мерекенің сәнін үгіт-насихат тобы мен 6А сынып оқушысы Кәрімхан Айымның орындауындағы «Туған жер» әні кіргізді. Сап жиынында білім алушыларымызға іс-шара жоспары таныстырылды.

 Астана тарихы - сонау 1830 - жылдан бастау алады. Ол кезде қала патша әскерінің бекінісі болған. 1863 - жылы 16 - шілдеден бастап Ақмола – округтік қала атанды. Қала халқы 2000 - дай адамды құрады. Дами келе: 1893 - жылы Ақмола қаласында қала халқы 6428 жанды құраған. Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 1 училище, 3 зауыты бар уездік қала болған. 1960 - жылы тың игеру кезеңінде – тың игеру орталығына айналды. 1961 - жылы Ақмола деген атауы – орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград - облыс орталығына айналды.

  Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы – еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды. Жер қойнауы – алтын, уран, бокситтер, сурьма, мыс, кварц құмдары т. б пайдалы қазба байлықтарға бай.

  Елбасымыздың шешімімен 1997 - жылдан бастап жаңа астананы осы Ақмола қаласының жер аумағына көшіріп, атауын «Астана»деп өзгерту қабылданды. Керемет жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, айналасы аз уақыт ішінде: әсем де, ару қала – Астана қаласы бой көтерді. 1998 - жылы негізгі құрылыс нысандары аяқталып, іске қосылды. Сонымен 1998 - жылы 6 - шілде Астана қаласының туған күні болып белгіленді.

  Акция 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін созылады.