«Тұңғыш Президент» күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі бойынша ақпар.

Дата: 2017-12-04 08:11:31

       Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басқару  ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

     ЖББ№25 орта мектебінде 2017 жылдың 7 қарашасы күні «Тұңғыш  Елбасы» күніне байланысты  өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып, 1-11сыныптың сынып жетекшілеріне таныстырылды.

   Іс-шаралардың  мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

    3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

   Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндергежеткізді

    Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысақ та, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулері қажет деп ойлай отыра мектебімізде жоспарға сәйкес    іс-шаралар өткізілді.

    9 қараша күні мектептің қасбетін тақырыптық баннермен безендірілді.

   10 қараша күні мектептің кітапханашысы Б.К.Қазбекова мектеп кітапханасына «Халқының Ұлы ұлы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмені мектеп оқушылары мен ұстаздары тамашалап өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды.

  10 қараша күні мектептің 1 қабатына  «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында тақырыбындағы стенд безендірілді.Бұл стендке жинақталған мәліметтерден мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды.

     10 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевың рөлі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

       14,21,28 қараша күндері мектебіміздің радиоторабынан «Еліміздің Ұлы  тұлғасы» тақырыбындағы радиохабарламаны кезекші сынып оқушылары оқыды.Радиохабарламада Елбасы туралы көптеген мәліметтер оқылды.

  18 қараша күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барған  оқушыларымыздың арасында «ЭКСПО менің көзіммен» тақырыбындағы презентациялар байқауы өтті.Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналды. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтере отырып,іске асырды.Осы көрмені тамашалауға біздің мектебіміздің оқушылары да өз үлестерін қосты.

      Біздің мектебімізден ЖББ қорыннан бөлінген тегін жолдамамен Әлімхан Бекнұр, Шеш Сағыныш, Хуанган Дінмұхамет, Жанабаева Гүлім, Мұқанов Мақсат, Марат Ілияс көрмеге  барып қайтты. Сонымен бірге мектебіміздің оқушыларымен өз ойларымен бөлісті.

    23 қараша күні 5-8 сынып оқушылары «Тұңғыш Елбасы» тақырыбындағы қалалық  мұрағатқа саяхат жасай,отырып,өздерін толғандырып жүрген көптеген  сұрақтарға жауап ала білді және өздеріне керекті мәліметтер алды.

    25 қараша күні «Латын әліппбиіне көщуге өз көзқарасым» тақырыбындағы эсселер байқауын мактебіміздің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері Бөлеген Жанболат пен Мусаханова Дидар ұйымдастырды.

   Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екендігін оқушыларымызға түсіндіре отырып,өткізілген сайысымыз  қортындыланып,жеңімпаз оқушыларымызды марапаттадық.   25 қараша күні өткізілген іс-шарада ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мәңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс екендігін түсіне отырып ,өскелең ұрпақ жүрегінде еліне,жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болып табылды.

      «Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу дей отыра   «Ата-баба аңсаған-Мәңгілік ел» тақырыбындағы патриоттық әндер фестиваліне қатыса отырып, біздің мектебімізден Кәрімхан Айым алғыс хатпен марапатталды

    27-қараша күні 1-4 сынып аралығында «Менің Елбасым-менің мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті

  Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен таныстыра отырып,елбасына арналған өлең жолдарын мәнерлеп,жатқа айту. Сайысқа 17 оқырман қатысты.Өлеңдерін жатқа айтқан білім алушылар өздерінің өлеңдерін мәнерлеп,жатқа айта білді.Сайыс соңында өлеңдерін нақышына келтіре отырып ,мәнерлеп оқыған білім алушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 4-сыныптар арасында І орынға Елеусіз Амина және Қалижан Ақтоты, ІІ орынды 4А сыныбынан Эржанатқызы Медина, ІІІ орынды 4Б сынып білім алушылары  Аманбаева Жібек ,Саятқызы Толғанай иеленді. 3-сыныптар арасында І орынға  3А сынып білім алушысы Тұрлыбекова Нұрай ,3 Б сыныбынан Мэденят Аяжан , ІІ орынға 3А сыныбынан Тайжан Аруна, Орымбай Тәңір, ал ІІІ орынға Басымбекова Айша ие болды. 2-сынып білім алушылар арасында жүлделі І орынды  2А сынып білім алушысы Казбеков Ержігіт , 2Б-сыныбынан Нурланов Адлет және де ІІ орынды Ахметова Айсанам, ІІІ орынды 2А-сынып білім алушысы Мейрканова Мадина иеленді. Ал 1-сыныптар арасында І орынды 1А сыныбынан Тілеуберген  Ербота, ІІ орынды Ордабек Айсұлу және ІІІ орынды  1А сынып білім алушысы Мирам Ғалымжан бөлісті. Сайыс өз дәрежесінде өтті.

       28 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Елбасымыз кемеңгер,көші түзу ел көгерер» тақырыбында дөңгелек  үстелді сынып жетекшілері Сатиев Қанат Амантайұлы мен Айдарханова Гүлсім Орынбайқызы өткізді.

     30 қараша күні «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасының ант қабылдау рәсімі  және «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы » тақырыбындағы салтанатты сап жиыны өтті.Сап жиынға 2-11 сынып оқушылары қатысты. «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасшысы Талғат Арнұр ант қабылдады. 6 сынып оқушысы Сарсенбаева Асылай «Туған жер» әнін тамылжыта  орындады.

    30 қараша күні «Тұңғыш Елбасы» тақырыбында өткізілген іс-шаралар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.

     Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен іс-шарамызды қорытындыладық.  Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспіз.