«Мамандықты таңдау-болашақты таңдау» атты сынып сағаттарының өткізілуі бойынша ақпар

Дата: 2016-01-23 08:22:33

   ЖББ №25 орта мектебінде 2016 жылдың  қаңтар айының 20-сы  күні 7-9 сыныптарда  «Мамандықты таңдау - болашақты таңдау» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері мен сынып белсенділерінің ұйымдастырылуымен өткізілген сынып сағаттарында мамандықты таңдай отырып, әр адамның өмірден өз орнын дәл және нақты таңдауға жол көрсететініне тоқталды. Мамандықты таңдауда әр адам өзінің қабілеті мен сол мамандыққа деген қызығушылығының болуы керектігін түсініп,өз ойларымен бөлісті Сонымен бірге  сынып жетекшілері қазіргі уақыттарда осы мамандық бойынша мамандарды даярлайтын өз қаламыздағы оқу орындары туралы мәліметтер берді. 2015 жылдың 30 қарашасы күні Елбасымыздың  халыққа жолдаған биылғы Жолдауындағы келешек жастар үшін қуантарлық жағдай   ол  2017 жылдан бастап кәсіптік техникалық мамандықтар бойынша біздің елімізде тегін оқуға қол жеткізуге болатындығын айтып өткендей, заман талабына сай елімізге керекті техникалық мамандықтарды меңгеріп, өз еліне  пайдасын тигізетін  маман иесі болуы керектігі туралы түсініктер берілді. Тақырыптарға сәйкес  слайд фильмдер мен бейне фильмдер тізбектемесі көрсетілді.