Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша 4.11-11.11.2015 жыл аралығындағы күзгі демалыс

Дата: 2015-11-12 10:00:27

ЖББ №25 орта мектебінде 4.11-11.11.2015 жыл аралығында 1-11 сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық талаптарын дамыту, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді.

         4 - қараша «Спорт және Денсаулық күні» деп аталды.  Спорт күнінде  5-9сыныптарарасында волейбол, кіші волейболжарыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға ерекше белсен қатысып, жүлделі 1-орынға 8-сынып ұл балалары ие болды.

         5 - қараша күні 2-4 сынып оқушылары қалалық мұражайға  экскурсияға барды. Балалар мұражайда қызықты экспонаттар мен олардың тарихын біліп қайтты. Қалалық мұражайдан шыққан соң орталық алаңға барып, ойындар ойнады.

6 -  қараша «Әуестенушілер мен шығармашылдар күні» болып белгіленді. Шығармашылдар күнінде мектебіміздің «Лего», «Шебер қолдар», «Мүсін» сияқты үйірмелерге қатысушы оқушылардың жұмыстары тамашаланды. Сондай-ақ бұл күні  2-4 сынып оқушылары « Еліміздің жүрегі – Астана » бекеттер бойынша қызықты ойын ұйымдастырылды. Балалар топтарға бөлініп бекеттерге  саяхат жасады. Әр бекеттегі тапсырмаларды орындап, ұпайлар жинады. Барлығы 5 бекет болды.1-бекетте  Отан , туған жер  тақырыбында мақал-мәтелдер жарысы , 2- бекетте Астана тақырыбында сұрақтар қойылды , 3- бекетте Астана тақырыбында постер қорғады, 4- бекетте әр топ өз өнерін көрсетті , 5- бекетте мектеп спорт залында әр топ ұлттық ойындарын көрсетті,ойындарды ойнады.Соңынан барлық топ мектеп спорт залында флеш-моб биледі.

         6-7 қараша күндері 8-9 сынып оқушылары қалалық «Өмірге шырайлы күлкімен қадам бас» атты КТК ойынына қатысты.  Мектебіміздің «Мектеп балғындары» жайдарман тобы бұл сайыста ерекше белсенділік танытып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп,жүлделі І орынға ие болды.

Күзгі демалыстың 9 - қарашасы  «Бәрін таста, кітап оқуды баста» ұранымен  басталды. Бұл күні оқушылар мектеп кітапханасына, кеніш кітапханасына  саяхаттады.  Балалар кітапханада тек  қызықты кітап оқып қана қоймай ,  қызықты сұрақтар бекетінен өтті. Кітап күні мектебіміздің оқушыларына өте қатты ұнады.

         10-қараша күні «Халықаралық жастар күні» мерекесіне арналды. 7-11 сынып оқушыларына арналған «Көңілді би кеші» ұйымдастырылды. Тақырыптық би кешінде оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмалар орындай отыра,  өздерінің би өнерлерін ортаға салды. Би кеші оқушылардың көңілінен шықты.

10-қараша күні мектебіміздің 10-сынып оқушысы Эржанат Д., Тәңірберген А., 8-сынып оқушысы Нұржанова А. қалалық «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты сайысқа қатысты. Сайыста Эржанат Динара «Игілікті болашақ» номинациясы бойынша І орынға, Нұржанова Айзат «Мамандықтың бәрі жақсы» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды.

11-қараша күні «Жас ұлан күні» деп аталды.Бұл күні  5-6 сыныптар арасында «Мен елімнің ертеңімін» интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар еліміздің тарихы, еліміздің ғұламалары туралы  білімдерін шыңдады. Сайысты қорытындылай келе І орынды 5Б сынып оқушысы Берікпай А., ІІ орынды 6А сынып оқушысы Төлеухан Ә., ІІІ орынды 5А сынып оқушысы Игембаева А. иеленді.

2015-2016 оқу жылының күзгі демалысына арналған іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті. Әр ұйымдастырылған іс-шараға оқушылар белсене қатысты.