Размер шрифта:

«Жасдәурен» жазғы алаңының II маусымының ашылу салтанатының ақпары

Дата: 2015-06-17 08:51:37

  

   15 маусым күні «Жасдәурен» жазғы алаңының ІІ маусымының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты ойын бөлмесінде өткізілді.Ойын бөлмесі гүлдермен, шарлармен, плакаттармен безендірілді.Әзірлеме бойынша  екі жүргізуші Мирамова Әмина мен мерекелік концертті жүргізді. Жазғы алаңның ашылуына байланысты алаң басшысы М.М. Жолдасбекова  демалушыларды құттықтап, алаң тәртібімен, жоспарымен таныстырды. Демалушылар жаз туралы тақпақтар айтып, 1-сынып оқушысы Қалижан Ақтоты «Ертегілер» әнін шырқады. Кеш соңы демалушылар биіне ұласты.

    Сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімі Б.Т. Сатиев оқушыларға әр түрлі спорттық ойындар түрлерін өткізді.

 

 

                                                                    Тәрбиешілер: Башарова А.Б.

                                                                                             Қалиақпар Н.О.