Размер шрифта:

"Қыз өссе- елдің көркі" тақырыбында жиналыс

Дата: 2024-02-23 16:52:09

05.12.2023 жылы "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" форумы аясында мектебіміздің "Үкілім" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес 9-11 сыныптар арасында "Қыз өссе- елдің көркі" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста мектебіміздің педагог-психологы Д.Ж.Сагымбекова қыз балаларға тақырыпқа сай тренинг өткізді және қыздар клубының жетекшілері Г.О.Айдарханова мен А. Хавдал қыз бала тәрбиесіне байланысты кеңестер айтты.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.