Размер шрифта:

"Асыл бабам аққан жұлдыз атанған" атты 7-9 сыныптар арасында ғылыми-конференция

Дата: 2015-04-28 10:58:15

    Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде сәуірдің 28-і    қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы демократы, қазақ сахарасында тұңғыш шамшырақ  болып жанған, небәрі 30-ақ жыл ғұмыр кешкен, сол қысқа ғұмырында ғасырларға бергісіз бай да бағалы мұра қалдырған Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына байланысты ұлы бабамызды еске түсіру мақсатында «Асыл бабам аққан жұлдыз атанған» атты 7-9 сыныптар арасында ғылыми-конференция өтті. Ғылыми-конференцияда білім алушылар ғалымның өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, сахналық қойылым көрсетті.