2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жыл дарыны -2018» атты форумы

Дата: 2018-06-12 15:03:47
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Жыл дарыны -2018» атты форумы

      «Білімді жастар – ел болашағы» атты ІІ дәстүрлі «Жыл дарыны-2018» форумы болып –өтті.

   Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз мектебімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты оқушыларымыз даралаймыз.  

    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «еңбегіңімен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатыңызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді. Ақылдылардың ақылдысы -  бүгінгі номинацияның биігі – олимпиада, ғылыми жұмыс жұлдыздары.   «Зияткер оқушы» барлығы  85 оқушы, «Дарынды   оқушы -2018» дипломдарымен  9 оқушы  марапатталады.

    2017-2018 оқу жылының  қорытындысы бойынша  жалпы білім беретін пәндерді үздік  бағаға аяқтаған, облыстық, республикалық пән олимпиадасы, ғылыми жоба, Халықаралық интеллектуалды ойындарда жетістікке жеткен оқушылар «Жыл оқушысы-2018» номинациясымен  1-4 сыныптардан - 3 оқушы, 5-11 сыныптардан 1 оқушы Серік  Сауран марапатталады.

Автор: №5 ОМ