Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы №3

Дата: 2018-05-29 10:12:14

Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы №3

 

27.05.2018                                                                                           Балқаш қаласы

                                                                                                            №15 мектеп-лицейі» КММ

 

Тақырыбы:Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын ұйымдастыру

Өткізу формасы:дөңгелек үстел

Жиналысқа қатысқан ата-аналар саны: 45

(мектеп-лицейдің қамқоршылық мүшелері)

 

Күн тәртібінде:

1.Мектеп-лицейдің 2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындылары

2.Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс – қимылын күшейту.

3.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.

 

Тыңдалды:

1.Мектеп-лицей директоры Дубирбекова Қ.Ш. 2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіне қорытынды жасады, аналитикалық ақпарат берді.

2.Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы  жыл бойы атқарылған  іс –шаралар бойынша   ақпар берді. Онда  мектептің мерекелікіс шараларына  белсенді  түрде  кеңес мүшелерінің қатысқаны туралы және  сабақ кестесін бекіту, тоқсан сайын кеңес отырыстары өткізілгені туралы айтылды. Кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдауға қатыстырылды. «Ұлағат» әкелер кеңесімен бірлесе отырып, қала көшелерінде  ұйымдастырылған  рейдттер  қорытындысы айтылды. Кеңес мүшелері мектептің оқу-тәрбие жұмысына  өз бағаларын беріп, келесі оқу жылында  жағдайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға  көмектер көрсету  жолдарын қарастыру керектігі айтылды. Қамқоршылық кеңестің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс – қимылын күшейту мақсатында өткізілген  көптеген іс-шараларды атап өтіп,  мұғалім мен ата-ананың бірлескен ынтымақтастығы жайлы мәлімдеді.         

3.Мектеп оқушыларының  жазғы демалысын ұйымдастыру  туралы  директордың тәрбие ісінің орынбасары Жакупова Ш.Т  ақпарат беріп өтті. Биылғы  «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығы үш ауысым бойынша  жұмыс  жасайтындығы:

 І кезең - 01.06-21.06.2018ж - 60 оқушы; ІІ кезең-25.06-13.07.2018ж  40 оқушы; ІІІ кезең-16.07- 3.08.2018ж -30 оқушы қамтылатындығы туралы  хабардар етті

 

 

Шешім:

  • 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
  • Мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі мектептің  даму бағдарламасындағы тәрбие жұмыстарының  саласы, жаңа оқу жылындағы іс-жоспары   ата-анамен бірігіп атқаратын  іс-шараларымен кеңейтіліп,  толықтырылсын.

 

 

Төрағасы:                            Дубирбекова К.Ш

Хатшы:                                Жакупова Ш.Т