Размер шрифта:

«Кітап әлемді бағындырады»

Дата: 2018-05-03 09:55:21

28.04.18Ж. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін трансформациялау мақсатында мектеп-лицей кітапхана қызметкерлері, кітапхана активтері және "Ағыбай батыр" шаңырақ топтарының ұйымдастыруымен Ерекше форматтағы «Кітап әлемді бағындырады» атты  рухани- ағартушылық акциясы өтті. Акцияға Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласы үздігі» К.Ы.Сардарбекова, мектеп-лицей қамқоршылық кеңесі мүшесі Р.Сламбекова,  ұлағатты ұстаз Н.Ғ.Жунус, жергілікті баспасөз қызметкерлері "Северное прибалхашье" газеті тілшісі С.Науанбаев, "Пульс" газетінің тілшісі Қ.Саденов, қалалық мұражай қызметкерлері, А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы, қалалық С.Сейфуллин атындағы  орталық кітапханасынан М.Утепова, С.М.Мулкеманова, Абай атындағы №2 лицей,№3 интернат, №4 мектеп, №5 мектеп,  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия, № 8 мектеп,  №16 мектеп ,№17 мектеп - лицей кітапханашылары және әр сыныптан ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.  Акция мақсатына сай әр қатысушы өзінің жақсы көретін кітабын "құпия" досына алдын -ала алынған  сауалнама нөмірлері бойынша  сыйлады.  Акция кітапқұмарлардың басын біріктіріп, кітапсүйер қауымның көңілінен шықты.