"Абай мұрасы – халық ұлағаты"

Дата: 2018-02-01 09:57:40

  31.01.2018ж.  Бабалар залында  Ұлы Абайдың шығармашылығына арналған  кітапхана активтері Жанатова Фариза, Тұрсын Зере, Көрпетай Ертай, Ұзақбай Балғынның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында  "Оқитын 100 кітап"жобасы аясында"Абай мұрасы – халық ұлағаты"   зияткерлік  ойын  өтті.  Ойынға  Мектеп- лицейдің ата-аналар комитетінің мүшесі  Теңізбаева Айтбала Тұрғанбекқызы,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайжанова Қарлығаш Байкеновна және  тәлімгер Мейрам Жанар Шоқанқызы төрелік етті. Нәтижесінде 1-орынды  "Тұлпар" тобы 2-орынды "Қыран"  тобы, 3-орынды "Сұңқар" мен "Барыс" топтары иеленді.