«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында өтетін «Менің арманымдағы қала» атты мектеп- лицейішілік макеттер байқауы.

Дата: 2016-02-29 13:14:54
«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында өтетін   «Менің арманымдағы қала» атты мектеп- лицейішілік  макеттер байқауы.

Байқаудың мақсаты:  жас таланттардың шығармашылық идеясын жүзеге асыруға қолдау көрсету.

          Қазіргі  кезеңде  білім    беру    саласындағы   әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға   байланысты    жасалынып   жатқан   талпыныстар    мектеп – лицей  оқушыларының  дербестігін,  белсенділігі  мен  шығармашылық   қабілеттерін  дамытуды  талап  етеді.Сондықтан,  оқушылардың   мектепте   оқып   жүрген кезінде  олардың    белсенділігін,  шығармашылық  қабілетін дамытып,   білімі мен  біліктерін  өмірдің  жаңа   жағдайына  пайдалана   білуге  үйрету   қажеттілігінен  туындайды.

Шығармашылық  және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша сабақтан тыс физика – информатика таңдау  курсының негізінде  жасалынған  бұл көрмеде дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. 

          Жас буын – бұл ЕХРО жобасы шеңберінде қамтылуы көзделіп отырған нысаналы топтардың бірі. Олардың білімділігі мен ақпараттану деңгейі Қазақстанның келешектегі тұрақты дамуын қамтамасыз етпек.