«Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» облыстық жобасы

Дата: 2014-10-28 05:12:19

Биылғы 2014-2015 оқу жылында «Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» облыстық жобасы өз жұмысын ұйымдасқан түрде жалғастыруда.  Бұл жобаның мақсаты: ұлттық тәрбие құндылықтарын сақтай отырып балаларға рухани-ізгілікті тәрбие беру. Жобаны жалғастыру бойынша бұйрық  пен жылдық жұмыс жоспарлары бекітілді.  Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерінен құрылған жобаға қатысатын шығармашылық топ және экспериментальді сыныптар өз жұмысын жалғастыруда. Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» облыстық жоба аясында мектеп мұғалімдері, тәрбиешілері мен бастауыш сынып ата-аналарына арналған ақпараттық семинарларлар, акциялар жоспарлануда. Бұл семинарларды өткізудегі мақсатымыз -балаға ізгілікті тәрбие беруде ұстаздармен қатар ата-ананың да белсене араласуы, заман талабына сай бала тәрбиесіндегі білімдері мен құзырлылықтарын жоғарылату, қоғам және мемлекет, халық алдындағы үлкен жауапкершіліктерін жетілдіру.