«Теплая волна» Мектеп лагерінде іс-шаралар өткізу туралы есеп

Дата: 2018-07-10 10:15:10
«Теплая волна» Мектеп лагерінде іс-шаралар өткізу туралы есеп

 «Теплая волна» Мектеп лагеріндеіс-шаралар өткізу туралы есеп

 

Астананың 20 жылдығына арналған «Менің Астанам» атты асфальтқа сурет салу байқауы 2018 жылы 3 шілдеде «Теплая волна» мектеп-лагерінде өтті.Бұл шараның басты мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір қатысушы өз суретінде Отанға, елордамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін білдірді. Барлық суреттер оймен, түсті гаммамен ерекшеленді. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық суреттер жоғары бағаға ие болды, сондықтан әркім жеңімпаз атанды.

Автор: №10 ЖББОМ