Ақпарат

Дата: 2024-04-09 16:20:52
Ақпарат

Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебінде Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өтілген жаратылыстану апталығында, химия  пәнінің мұғалімі Аханова Гульнар Кынаровна  8”Б” сыныбында  “ Негіздер. №8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта Қ.И.Сәтпаев туралы бейнетаспа көрсетіліп, ғалымның химия ғылымына қосқан үлесі жайлы оқушыларға сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбын ашып алды. Сонымен қатар сабақта оқушылар теориялық біліммен практикалық білімді ұштастыра отырып, зертханалық жұмыс та қамтылды. жаңа сабақты бекіту мақсатында әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріліп, бағаланды.

Автор: №9 ОМ