Ақпарат

Дата: 2024-02-01 09:56:32
Ақпарат

   Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 29.01.24 күні   1-11 сыныпта «Еңбекте батырлар туады» тақырыбында,  «Еңбегі адал жас өрен» жобаны іске асыру бойынша  сынып сағаты өткізілді. Оқушылар арасында қарапайым еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға, өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал ету және оқушыларға еңбекті бағалауды түсіндіру мен жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларға «Еңбек деген не? Адамға жұмыс не береді? Неге және қалай жұмыс істеу керек?» сұрақтарына ойлануға, талқылауға уақыт берілді. Балалар өз ойларын айтты, өз көзқарастарын білдірді, қорытындылады, шешім қабылдады. Өз көз қарасын қорғай білу, әңгімелесушіні тыңдау және "Есту" қабілеті оқушының жеке басын дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Автор: №9 ОМ