1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сыныпы сағаттары өткізілді

Дата: 2024-01-16 09:53:30
1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сыныпы сағаттары өткізілді
2024 жылдың 15 қаңтары күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша: 
1 сыныптар – «Сіздің құқықтарыңыз. Бала құқықтары туралы Конвенция»;
2 сыныптар –«Біз бағындырғандар үшін жауаптымыз»; 
3 сыныптар –«Сіздің құқықтарыңыз басқаның құқықтары басталатын жерде аяқталады» деген заңды ұстанымды қалай түсінуге болады?»;
4 сыныптар –«Президент, Парламент, Үкімет»;
5 сыныптар –«Балалардың маңызды жеке құқықтары. Бала құқықтары туралы заң. Бала құқықтары туралы Конвенция»;
6 сыныптар –«Қазақстан зайырлы мемлекет. Діннің қоғамдағы және адам өміріндегі рөлі мен орны. Адамның діни сенім құқығы. ҚР Конституциясы 1 бап»;
7 сыныптар –«Бопсалау дегеніміз не? Қалай бопсалаушылардың құрбаны болмау керек. ҚР ҚК 194-бабы»;
8 сыныптар –«Терроризм және діни экстремизм. ҚР ҚК 255-бабы. «Жалған қоңырау үшін жауапкершілік»;
9 сыныптар –«Көлік құралдарын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік. ҚР ҚК 200-бап»;
10 сыныптар –«Жанжал: себептері мен шешу технологиялары»;
11 сыныптар –«Ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттарында отбасы заңдылықтары, патриотизм, заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза туралы айтылды. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз екені айтылды.
Автор: №9 ОМ